16 қыркүйек 2022 | 09:58

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген қаражат жымқырылған - ҚМА

Дина Шарипханова Корреспондент

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі тергеліп жатыр. Тапсырыс беруші ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражатты негізсіз төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі тергеліп жатыр. Тапсырыс беруші ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражатты негізсіз төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Qamqor жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық схемасы бойынша істі тергеп жатыр.

Тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалғаны анықталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған деректері анықталған.

Реклама
Реклама

"ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәлімет жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная