10 қараша 2023 | 17:59

Қарағанды ​​облысында өгей әкесі зорлаған 15 жастағы қыз жүкті болып қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысында өгей әкесі зорлаған 15 жастағы қыз жүкті болып қалды. Ер адам сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысында өгей әкесі зорлаған 15 жастағы қыз жүкті болып қалды. Ер адам сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызды зорлау бойынша атышулы іс қаралды. Сот мәліметінше, жәбірленуші қыз сотталушымен туғанынан бастап тұрған. Ол ер адамды туған әкесі деп есептеген.

Реклама
Реклама

"Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланы оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, ата-анасының қайталап зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі қарады. Қылмыстық істі қарау қорытындысы бойынша сот аталған тұлғаға қатысты үкім шығарды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-2-бөлігі 3-тармағымен ол кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Қарағанды ​​облысы мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.

Сотталған адам жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Сот мәліметінше, сотталушы жақында сот үкіміне шағым түсірген. Қарағанды ​​облыстық сотының апелляциялық алқасы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Құжат заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная