09 желтоқсан 2022 | 11:10

Қарағанды облысында сот түрмедегі "азаптау" ісі бойынша үкім шығарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағанды облысында түрмеде тұтқындарды азаптауды ұйымдастырды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында түрмеде тұтқындарды азаптауды ұйымдастырды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Долинка ауылындағы АК-159/6 мекемесінің бес тұтқыны колония қабырғасында азаптауды ұйымдастырғаны үшін қосымша 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық істі Шахты қалалық соты қарады. Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 428-бабының 3-бөлігі "Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау" бойынша айып тағылды.

Реклама
Реклама

"АК-159/6 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталушылар жағдайды өз пайдасына өзгертуге, режимді әлсіретуге, тыйым салынған заттарға қол жеткізуге және әкімшіліктің заңды талаптарын сақтамауға шешім қабылдаған. Осы мақсатта, 2021 жылғы 1-12 наурыз аралығында олар жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бірнеше рет қасақана бұзып, өзіне зиян келтірумен айналысқан", - деп хабарлады Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотта сотталушылар режимді жеңілдету үшін тұтқындарды қасақана азаптағаны, интернетте видеолар таратқаны белгілі болды.

Сот колониядағы жағдайды тұрақсыздандыруға әрекеттенген әрбір қатысушыны 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная