24 ақпан 2019 | 10:45

Қарағанды облысында үш топ барымташылар ұсталды

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары "Мал ұрлығы" профилактикалық шарасы барысында үш топ барымташылар ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары "Мал ұрлығы" профилактикалық шарасы барысында үш топ барымташылар ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгде бұл топтардың 10 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың іс-әрекеттерінен келтірілген залал миллиондармен есептеледі. Бірінші топ еркін жайылған 14 бас ірі қара малын ұрлап, иесіне 14 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Екінші топ ауыл шаруашылық малын ұрлап, 300 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Сонымен қатар, ұсталған азаматтар тергеу әрекеттерін жүргізу барысында тек облыс аумағында ғана емес, Павлодар облысының аумағында да жасалған 16 ұқсас қылмысты мойындады. Үшінші топ жылқыны ұрлап, миллион теңгеден аса шығын келтірген.

Реклама
Реклама

"Полиция департаменті облыс тұрғындарына кезекті рет малды қараусыз қалдырмауға, сондай - ақ міндетті түрде мал басын таңбалау және сырғалау, ұжымдық жайылымды ұйымдастыру және үш жақты хаттамаларды жасау қажеттілігі туралы өтініш жасайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері бұрын жасалған 20 қылмысты ашты. Сондай-ақ, ветеринарлық инспекция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында тиісті құжаттарсыз ет өнімдерін тасымалдаудың 23 фактісі анықталды. Барлық анықталған фактілер бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная