25 сәуір 2022 10:23

Қарағанды облысында зейнетақы жымқыруға қатысты тергеу басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік нысанда қамқорлыққа алынған 90 адам бар, оның 30-ы - мүгедек, 60-ы - зейнеткер.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің басшысы және әлеуметтік қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды облыстық соты басшыға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram