Қарағанды облысындағы арнайы операция: 17 адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы операцияны Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК облыстық департаменті және көліктегі полиция департаментінің Қарағанды — Сұрыптау желілік полиция бөлімімен бірлесіп, Қарағанды облысы көлік прокуратурысының қолдауымен жүргізген.

Реклама
Реклама

Қарағанды ПД мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталған. 17 күдікті ұсталып, олардың заңсыз әрекеттеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр.

"Тінту барысында, шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалған ретінде тіркелген атыс қаруы, 26 дана оқ-дәрі, 7 телефон және есірткі заттары тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама