27 ақпан 2023 | 09:38

Қарағанды тұрғынынан 432 мыңнан аса қорап акцизсіз темекі тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент

Қарағанды тұрғынынан акциз маркалары жоқ жарты миллионға жуық қорап темекі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды тұрғынынан акциз маркалары жоқ жарты миллионға жуық қорап темекі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкерелеген.

"Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан аса қорап болатын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады. Соталды тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная