09 сәуір 2019 10:15

Қарағандыда 1 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлағандар ұсталды

Фото gubdaily.ru сайтынан

19 наурызда Қарағанды облысында ұрлықшылар пәтерден жалпы бағасы 1 миллион теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлімінің 3-тармағы бойынша тергеу жұмыстары жүрді.

Реклама
Реклама

"Михайловскийдегі полиция бөлімі жүргізген тергеу барысында қаланың 21-ден 26 жасқа дейінгі үш тұрғыны ұсталды. Олар кінәларын мойындады. Заттай дәлелдер - қайқы кілт пен алтын бұйымдар табылды", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, күдіктілер Қарағанды мен Теміртауда бірнеше үйді тонап кеткендерін мойындаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram