04 мамыр 2021 | 08:59

Қарағандыда 17 жастағы қыз бірнеше көлікті бүлдірді

Қарағандыда 17 жастағы қыз бірнеше көліктің үстіне шығып, майыстырып тастаған. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 17 жастағы қыз бірнеше көліктің үстіне шығып, майыстырып тастаған. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасөспірімнің әрекеті видеоға түсірілген. Кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. Видеода жаяу жүргіншілер жолында жүгіріп жүрген жасөспірімдердің бірі көліктің үстіне шыққаны көрінеді. Көлік дабылы іске қосылғанда қыз көліктен түсіп, басқа жасөспірімдермен қашуға тырысады. Көліктің бірнеше жері майысып қалған.

Реклама
Реклама

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы қызды ұстады. Сондай-ақ, полицейлер сол күні күдіктінің тағы екі көлікке бүлдіргенін анықтады. ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады