05 маусым 2021 | 10:55

Қарағандыда 280 адамды алдаған қаржы пирамидасы әшкере болды

© elements.envato.com

Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданған. "Лидер Капитал 168" атты ұйым  "өсіммен қайтарамыз" деп жұрттан қомақты қаржы жинап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аstana телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданған. "Лидер Капитал 168" атты ұйым  "өсіммен қайтарамыз" деп жұрттан қомақты қаржы жинап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аstana телеарнасына сілтеме жасап. 

Тілшінің айтуынша, шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Алаяқ фирманының әрекетін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті әшкереледі. Ұйымдастырушы әйел қаржылық ұйымды былтыр ашып, бизнесін жеке пәтерде жүргізген. Айғақ заттар дәл осы үйден тәркіленді.

Ол тұрғындарды ақшасын жоғарғы пайызбен еселеуге үгіттеген. Салым сомасын теңгемен 18 пайыз, ал доллармен 6 пайыз мөлшерінде жыл сайын көбейту шартымен 80 миллион теңгеден астам ақша жинап үлгерген.  

Реклама
Реклама

"Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті  "Лидер Капитал 168" атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымнан зардап шеккен азаматтардан тез арада хабарласуын сұраймыз. Аталған дерек бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі, яғни қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Қарағанды облысы бойынша ЭТД 2-тергеу басқармасының аға тергеушісі Дана Байдүйсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная