Қарағандыда 4 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

Видеодан алынған

Қарағандыда үш жылда 4 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сілтеме жасап.

Қарағандыда үш жылда 4 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сілтеме жасап.

Қылмыстық топ мүшелері заңсыз әрекетті жүзеге асыру үшін алты жалған фирма құрған.

"Тінту кезінде алты миллион теңгеден асатын ақша, банк карталары (Forte Bank, Halyk Bank, Kaspi Bank, Bank RBK, Еуразиялық банк), бухгалтерлік құжаттар мен компаниялардың мөрі табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Агенттік қылмыстық әрекет мемлекетке төленбеген салық түрінде миллиард теңгеден аса сомаға залал келтіргенін айтты.

Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ құру және жалған шот-фактураларды заңсыз шығару дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама