20 сәуір 2021 11:46

Қарағандыда 9 жыл бұрын кісі өлтірген ер адам сотталды

Иллюстрациялық фото: ©РИА Новости

Адам өлтіргеннен кейін полициядан 8 жыл жасырынған қарағандылық сотталды. Қарағанды облысының қылмыстық соты оны 13 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам өлтіргеннен кейін полициядан 8 жыл жасырынған қарағандылық сотталды. Қарағанды облысының қылмыстық соты оны 13 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нысамбаев Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі "Қасақана кісі өлтіру" бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сотта 2012 жылдың 12 мамырында Нысамбаев қаза тапқан адамға 13 рет пышақ сұққаны анықталды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2012 жылы Қарағандыдағы кафелердің бірінде 24 жастағы Рашит Көкшолақов пышақталды. Оны өлтірді деген күдікті сегіз жыл бойы полициядан жасырынып келді, тіпті халықаралық іздеу жарияланды. 2020 жылы оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер ұстады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram