Қарағандыда әкімдік шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді

Видеодан алынған кадр

Қарағандыда пара алды деген күдікпен жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғалары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда пара алды деген күдікпен жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғалары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің мәліметінше, мемлекеттік қызметкерлер өткен аптада ұсталған. Олар жергілікті тұрғынға жер учаскесіне қосымша аумақ бөліп беру туралы қаулы шығаруға уәде берген.

Ведомство мәліметінше, ер адам осыған дейін жер учаскелері бөліміне барған, алайда оған қосымша жер беруден бас тартқан. Осыдан кейін ол хабарламалар сайтында 1 миллион теңгеге осы мәселені шешіп беретін адамды тапқан.  Салдарынан заңсыз жер берумен айналысқан тұлғалар ұсталды. 

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама