ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қыркүйек 2020 | 09:12
Қарағандыда атыс болды: екі адам жарақат алып, біреуі қаза тапты
Қарағандыда полицейлер ер адамды өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда полицейлер ер адамды өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ға сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 31 тамызда сағат 13.00 шамасында Қарағандының Октябрь ауданы Бабушкин көшесіндегі үйдің ауласынан қалалық ауруханаға оқ тиген жарақатымен үш тұрғын түскен. Алған жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен қаланың 31 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также