09 ақпан 2022 | 16:15

Қарағандыда айырбастау пунктінің қайтыс болған иесіне айып тағылған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет:elements.envato.com

Қарағандыда 2020 жылы қайтыс болған айырбастау пунктінің құрылтайшысы мен оның әпкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға 190 миллион теңгеден аса ақша жымқырды деп айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 2020 жылы қайтыс болған айырбастау пунктінің құрылтайшысы мен оның әпкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға 190 миллион теңгеден аса ақша жымқырды деп айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Тергеу мәліметтері бойынша, 2016 жылдан 2020 жылға дейін сотталушылар тұтынушылардан ақша алып, орнына жақсы сыйақы қосып қайтаруға уәде берген. Жәбірленушілер белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ақша ала алмаған. Осы іс бойынша 22 жәбірленуші бар.

"Сотталушылар сот үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Алаяқтық, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау, адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша бірнеше рет, ірі және аса ірі мөлшерде жасалған" кінәлі деп танылды. Марқұмға қатысты іс оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.

Оның әпкесіне 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза тағайындау кезінде кінәні жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Іс бойынша залал өтелмеген. Оның жасы да ескерілді. Ол үкім шыққан кезде 60 жасқа толды. Сондықтан сот ең төменгі жазаны, яғни 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сотта қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, күдікті қайтыс болған жағдайда іс тоқтатылатыны айтылды. Егер қайтыс болған адамның жақын туыстары кінәсіздігі дәлелденуін талап етсе, іс сотқа жіберіледі.

"Сот марқұмға қатысты бұл істі марқұмның туыстарының арызы бойынша қарады", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная