09 қаңтар 2020 | 20:23

Қарағандыда бала өлтірді деп айыпталған ер адам сот залында тамағын тіліп жібермек болды

Шет аудандық Бұрма ауылында үш жасар баланы ұрлап әкетті және өлтірді деп айыпталып жатқан сотталушы басты сот отырысында тамағын тіліп тастамақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шет аудандық Бұрма ауылында үш жасар баланы ұрлап әкетті және өлтірді деп айыпталып жатқан сотталушы басты сот отырысында тамағын тіліп тастамақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысының соңында Игентай Сопыжанов судьяның рұқсатынсыз журналистерге мәлімдеме жасамақ болды. 

Реклама
Реклама

"Маған бірдеңе болып қалса, ІІД тергеушісі Сейдалиннен көріңіздер. Менің өліміме кінәлі сол", - деді ол. Осы сөзін айта салып, ол мойнын әлденемен тіліп тастамақ болды. Алайда айдауылдар оның қолын қайырып, бірден сот залынан шығарып әкетті.

Сөйтсек, Игентай Сопыжанов осымен өзіне екінші рет қол салмақ болған әрекеті екен. Куәгерлердің айтуынша, ол сот залына лезвие алып кіріп, алқа билерді іріктеу бойынша бірінші отырыста өткізуге кедергі болған екен. Айдауыл оны бірнеше рет тексерген, тіпті бірнеше тілгіш затын алып қойған. Сол уақытта да, бұл жолы да сотталушы өзіне ауыр жарақат салмапты. Дәрігерлер оны қарап шығып, тілінген жерін тазартыпты. Бұдан кейін ол камерасына оралған. Ал өз мойнын орып жібергісі келген затын ешкім таба алмай қойыпты. 

Игентай Сопыжанов бала ұрлау, кепілге алу және өлтіру баптары бойынша айыпталып жатыр. Істі алқа билер соты қарап жатыр, мұндай форматты сотталушы өзі таңдапты. Осы баптардың біріккен жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін. Бір айта кетерлігі, бұған дейін Сопыжановтың өзі өлтірген баланың анасының туған әпкесін өлтіргені үшін жазасы ауырламайды екен. Себебі Сопыжанов бірінші қылмысын жасаған кезінде кәмелет жасына жетпеген.

Еске салайық, 5 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданы Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланған. Оны анасының қолынан 23 жастағы ер адам алып қашқан. Оның соттылығы бар болып шықты. 

Ал 8 қыркүйекте сағат шамамен 10:00 шамасында сол аудандағы ауыл маңында полиция қызметкерлері үш жасар баланың денесін тапқан. Күдіктіге іздеу жарияланып, келесі күні ол ұсталған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная