Қарағандыда балаларға тиіскен ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласында жүрген кішкентай балаларға тиіскен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласында жүрген кішкентай балаларға тиіскен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2 сәуірде Әлихан Бөкейхан ауданындағы аулалардың бірінде болған.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көпқабатты үйдің тұрғындары ауладағы балаларға тиісіп, қызығып қарап жүрген күдікті ер адамды байқап қалған. Кейін тұрғындар полиция жасағын шақырған.

Реклама
Реклама

"Қарағанды ​​ПБ-ның Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреудің көпқабатты үйдің ауласында балаларға тиіскені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түспек болған ер адам анықтады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті ұсталды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға оқталу" бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ ведомство күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама