24 желтоқсан 2019 | 17:56

Қарағандыда батут аударылды: Күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

Қарағанды орталық саябағында қатты желден батут аударылып, қаза тапқан 12 жастағы Борис Рудаковтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды орталық саябағында қатты желден батут аударылып, қаза тапқан 12 жастағы Борис Рудаковтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазыбек би аудандық сотының шешімі бойынша, бұрынғы өртсөндіруші Ертан Такишев кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. 

Реклама
Реклама

Айыпталушының жары Әлия Такишева төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның үкімін 2011 жылғы қызы 14 жасқа жеткенше кейінге қалдыруға шешім қабылдады. 

Сонымен қатар, сот жәбірленушілерге келтірілген моральдық шығынды өтеуге, Такишевтердің мүлігіне тыйым салуға және баланың өліміне себеп болған батуттың көзін жоюға шешім шығарды. 

Сот үкімі шыққаннан кейін судья Арғын Құтышев тергеу амалдары бойынша батут иелерінің қасақана әрекет жасағанын мәлімдеді. Себебі олар тәуекелге барып, қызмет көрсету сапасына мән бермеген. 

Қарағандыда батут аударылып, бір бала көз жұмды

Еске салайық, биыл 25 мамырда сағат 17:30-да Қарағандыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында қатты желден үрлемелі батут жақын маңда орналасқан дүңгіршектің үстіне аударылып қалды. Салдарынан 2007 жылы туған жеткіншек қаза тауып, 2004 және 2012 жылы туған үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная