10 ақпан 2021 09:29

Қарағандыда екі ер адам кассирге бензин шашып, шағын несие ұйымын тонап кетті

Видеодан алынған кадр

Қарағандыда екі белгісіз адам микронесие ұйымы кеңсесіне басып кіріп, кассирдің үстіне бензин шашып, 120 мың теңге алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда екі белгісіз адам микронесие ұйымы кеңсесіне басып кіріп, кассирдің үстіне бензин шашып, 120 мың теңге алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 ақпанда сағат 16.00-де шағын несие беру ұйымының бірінің кассасына шабуыл жасалды. Оқиға кеңседегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан медициналық маскадағы қарақшылардың бірі алдымен кассирге бензин шашып, кейін өртеймін деп қорқытқанын көруге болады. Видеода қарақшының беті айқын көрінеді. Бұл уақытта оның сыбайласы есікті қарауылдап тұрады.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметінше, күдіктілерді ұстау үшін полиция департаменті аппаратының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылған.

Реклама
Реклама

"9 ақпанда сағат 16.00-де Қарағандыда микронесие беру ұйымдарының біріне белгісіз екі адам кіріп, кассирге бензин шашып қорқытқан. Жәбірленуші әйел 28 жаста. Қарақшылар 120 мың теңгені қорқытып иемденген. Аталған факт ҚР ҚК-ның 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелді", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Айта кетейік, осы тектес қылмыс Нұр-Сұлтанда да болған еді. Алматы тұрғыны елордада қарақшылық шабуыл жасау үшін бет бейнесін тұмшалап, кеңсе қызметкерін пышақпен қорқытты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram