Қарағандыда екі қызды зорламақ болған күдіктіге іздеу салынды

Қарағандыда екі қызды қорламақ болған педофилге іздеу салынды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда екі қызды қорламақ болған педофилге іздеу салынды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қарағандының оңтүстік-шығысында кәмелетке толмаған қыздарға сексуалдық зорлық-зомбылық жасауға әрекет жасалғаны туралы ақпарат тарады. Белгісіз ер адам көшеде кәмелетке толмаған қыздардың жанына келіп, түрлі сылтаумен оңаша алып шығып, зорлық әрекеттерін жасауға тырысқан. Жазбада екі қыз қылмыскерден қашып құтылғаны, содан кейін олар болған оқиғаны ата-анасына айтып бергені туралы жазылған. Сөйтіп олар полицияға жүгінген.

Реклама
Реклама

Қарағанды облыстық Полиция департаменті бұл мәліметті растап отыр. Олардың айтуынша, бүгінде күдікті іздестіріліп жатыр. 

"Расында да екі дерек Оңтүстік-Шығыс секторының аумағында болды. Олар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жәбірленушілердің айтуы бойынша күдікті адамның ауызша портреті жасалды. Оны анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр", - дейді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге 1

жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама