23 қараша 2021 14:30

Қарағандыда ер адам 81 жастағы зейнеткерді тонап кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қарағандыда 19 жастағы ер адам зейнеткерге шабуыл жасап, оның ақша салынған сөмкесін алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 19 жастағы ер адам зейнеткерге шабуыл жасап, оның ақша салынған сөмкесін алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, 21 қарашада Қарағанды ​​полициясына көшеде қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Белгісіз біреу 81 жастағы зейнеткердің басынан соғып, сөмкесін алып кеткен. Сөмкеде 12 мың теңге мен құжаттар болған. Оқиға орнына жақын маңда орнатылған бейнебақылау камераларынан күдіктінің бағыты анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшылары ізін суытпай, 19 жастағы ер адамды ұстады. Айғақты зат тәркіленді, жасөспірім зейнеткерді тонағанын мойындады. Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram