ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2019 | 17:33
Қарағандыда ер адам бұрынғы әйеліне шабуылдап, баласын ұрлап кетті
Қарағандыда ер адам бұрынғы әйеліне шабуылдап, бір жастағы қызын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда ер адам бұрынғы әйеліне шабуылдап, бір жастағы қызын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 13 қыркүйекте болған. Қарағандының 23 жастағы тұрғыны 26 жастағы бұрынғы күйеуінің жанжал кезінде денесін жарақаттап, бір жастағы қызын белгісіз жерге алып кеткенін хабарлаған.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жедел іздеу шарасы барысында полиция қызметкерлері баланы тауып, анасына қайтарды", - делінген полицияның ресми хабарламасында.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні ұстау үшін шара қолданып жатыр. Тергеу басталып кеткен.
Показать комментарии
Читайте также