29 қараша 2021 | 14:01

Қарағандыда жол апатынан алты айлық сәби қаза болды

Фото:instagram.com/dorogi_karagandy

Қарағандыда екі көлік соқтығысып, алты айлық нәресте алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда екі көлік соқтығысып, алты айлық нәресте алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Майқұдықта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісінің кінәсінен болған. Карл Маркс көшесінің бойымен Лиговская көшесінің қиылысында ол сары бағдаршамға өтіп, Volkswagen Golf-пен соқтығысқан.

Гольф көлігін 24 жастағы жүргізуші басқарған, ал көлікте 25 жастағы жолаушы мен оның алты айлық баласы болған.

Реклама
Реклама

Жүргізушілер мен жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, алты айлық сәби алған жарақатынан көз жұмды. Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде жарияланды.

"Факт полицияға тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ДПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная