16 наурыз 2020 12:31

Қарағандыда жол-көлік оқиғасына кінәлі экс-полицей 5 жылға сотталды

Қарағанды облысы полиция департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы полиция департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

40 жастағы бұрынғы полицей Қарағанды облысы Абай ауданының № 2 аудандық сотын алдында жауап берді. Оған ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу және көлік құралын пайдалану) бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың 26 қыркүйегінде Жезқазған-Қарағанды автожолында кісі өлімі болған.

Реклама
Реклама

"Жүргізуші Абай ауданындағы Ялта елді мекеніндегі қарама-қарсы келе жатқан көлікке соқтығысқан. Нәтижесінде көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, оның жұбайы мен келіні Топар ауылының ауруханасына жатқызылды. Кейін екекі де көз жұмды. Қаза тапқан адамның жұбайы сол кеште, ал оның келіні - бір айдан кейін Мақажанов атындағы клиникада қайтыс болды", - делінген қылмыстық іс материалдарында.

Сотталушы кінәсін мойындап, өз жолында кедергіні айналып өтуге тырысқанын, алайда қарсы көлікті байқамай қалғанын айтты. Алайда жәбірленуші тарап ол ұйықтап қалды деп отыр. Қайтыс болған қыздың анасы одан моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге өндіріп алуды және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыруды сұрады.

Судья Ардақ Жаманғарина сотталушыны кінәлі деп танып, жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан және бес жылға бас бостандығынан айырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram