09 қазан 2019 | 10:09

Қарағандыда жолаушылар отырған қоғамдық көліктерге оқ атылды

видеодан үзінді

8 қазанда қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз береу пневматикалық қарудан адамдар отырған жолаушылар автобустарына оқ атқан. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

8 қазанда қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз береу пневматикалық қарудан адамдар отырған жолаушылар автобустарына оқ атқан. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оқиға 45 квартал аялдамасында кешкі 19:00-де болды. Белгісіз адам аялдама маңында тұрып, бұзақылық әрекеттермен № 40, 45, 33 бағытында жүретін автобустардың терезесін сындырған. Ол пневматикалық қарудан оқ атты. Оқиға болған кезде автобус салонында шамамен екі жүздей жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Полицейлер автобустардың бірінен металл шаригін тапқан, оның диаметрі - 4,5 милиметр, пневматикада қолданылады. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер бұзақының кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр", - деді ведомство өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная