16 қыркүйек 2021 | 15:05

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған адам сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қарағандыда қала тұрғындары 52 миллион теңгесін салған қаржы пирамидасын құрушыға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда қала тұрғындары 52 миллион теңгесін салған қаржы пирамидасын құрушыға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы ер адам ҚР ҚК-ның 217-бабы "Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және басқару" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

2019 жылы ер адам мессенджерде чат ашып, онда инвестициялық бағдарлама туралы жалған ақпарат таратқан. Ол пайда алу мақсатында ақшаны белгілі бір биржаға инвестициялауды көздеген.

Реклама
Реклама

Күдікті жалған маркетингтік жоспар құрған. Қарағанды облысы полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушілері екі жыл бойы күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинады.

"Ер адам туыстары мен достарының банк карталарын қолдана отырып, ақшаны аудару арқылы тұрғындардан ақша ала бастады. 2019 жылдың 27 қазанында Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оны тергеу барысында 67 жәбірленуші анықталды. Оларға келген жалпы шығын - 51 миллион 435 мың теңге. Сот үкім шығарды, оған сәйкес қаржы пирамидасын жасаушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Қарағанды ​​облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная