ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2023 | 11:42
Қарағандыда қашып кеткен сотталушы ұсталды
Қарағандыда ауыр қылмысы үшін сотталған 35 жастағы ер адам қашып кетті. Кейін оның ұсталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда ауыр қылмысы үшін сотталған 35 жастағы ер адам қашып кетті. Кейін оның ұсталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол 35 жастағы Батыс-Қазақстан облысының тумасы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған", - делінген хабарламада.
Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілгені айтылды.
"Белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқкиім, қара шалбар және басында қара кепка болған", - делінген хабарламада.
Кейінірек, 18 шілдеде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қашып кеткен ер адамды жедел қызметкерлер ұстағаны хабарланды.
Дерек бойынша Қарағанды облысының Полиция департаменті ҚР ҚК-ның 426-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашқан сотталған ер адам қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді деп хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также