Қарағандыда көшеде нәресте өлі табылды

Қарағандыда көшеде нәресте өлі табылды © elements.envato.com

Қарағандыда жергілікті тұрғын көшеде нәрестенің мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда жергілікті тұрғын көшеде нәрестенің мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 сәуірде Қарағандының Киров полиция бөліміне қаланың 26 жастағы тұрғынынан хабарлама түсті. Ер адам гаражға іргелес аумақты тазартып жатқанда баланың мәйітін тапқанын айтты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, жаңа туған ұл баланың мәйіті пакетте жатқанын көрді. Нәрестенің денесінде жарақаттар болмағаны хабарланды. 

Реклама
Реклама

Полицейлер жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен сауалнама жүргізіп, сәбидің анасын табу бойынша жедел-іздестіру шараларын бастады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама