26 мамыр 2021 | 09:09

Қарағандыда құрылыс компаниясы 24 миллион теңге жымқырған

Видео кадры

Қарағандыдағы құрылыс компаниясы бюджеттен 24 миллион теңге жымқырған. Мердігер мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер салған. Бірақ ол үй салғанда арзан материалдар қолданған. Үнемделген ақшаны қалтасына салып отырған. Тексеру кезінде прокурорлар алаяқтық дерегін анықтады, - деп хабарлайды Astana.tv

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыдағы құрылыс компаниясы бюджеттен 24 миллион теңге жымқырған. Мердігер мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер салған. Бірақ ол үй салғанда арзан материалдар қолданған. Үнемделген ақшаны қалтасына салып отырған. Тексеру кезінде прокурорлар алаяқтық дерегін анықтады, - деп хабарлайды Astana.tv

Құрылыс компаниясының директоры бес жылға шартты түрде сотталды. Ол келтірген шығынды толығымен өтеп берді. Телеарна мәліметінше, көп қабатты үйлердің арзан шатыры мен материалдары енді ауыстырылмайды.

"Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алуларға жүргізген аудиті аясында 24 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, компания мырышталған болаттан жасалған арзан материалдар пайдаланған, ал мемлекеттік бағдарлама аясында алюминий панельдер пайдалануы керек еді", - деді Қарағанды ​​облысы прокуратурасының өкілі Дархан Хасенов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, дәл осы Қарағандыда "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі ғимарат құлаған болатын. Кейін белгілі болғандай, "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі үйдің құлауына кінәлілерден 90 миллионға жуық теңге өндірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная