22 сәуір 2022 | 11:59

Қарағандыда мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы алаяқтық үшін сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қарағандыда алаяқтық жасады деп айыпталған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің оңалту және банкроттық басқармасының басшысына қатысты үкім шықты. Ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда алаяқтық жасады деп айыпталған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің оңалту және банкроттық басқармасының басшысына қатысты үкім шықты. Ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Салық қызметкерімен бірге сотталушылар орындығында "КРМЗъ" ЖШС-нің оңалту менеджері болды. Алаяқтықтан бөлек, оған пара беруге шақырды деген айып тағылды.

Мәлімет бойынша, ЖШС басқарушысы кәсіпорын құрылтайшысын 5 миллион теңгені Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында байланысы бар және судьяны азаматтық іс бойынша оң шешім шығаруға көндіре алатын салық төлеушіге беруге итермелеген. Осылайша, сотталушылар кәсіпкердің ақшасын алдап алмақ болған, бірақ судьяға ақша беруді ойламаған.

Реклама
Реклама

Ақшаны беруге келіскен кәсіпкер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген. Одан әрі ЖШС оңалту директорымен болған келіссөздерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері бақылап отырған. Сотталушылар ақша аударылғаннан кейін дереу ұсталды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері сотта өз кінәсін мойындамады. Ол кәсіпкермен жеке сөйлеспегенін, одан ешқандай ақша алмағанын айтты. 

Екінші сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Ол кәсіпкерді пара беруге итермелемегенін, бірақ оған қатысты алаяқтық жасағанын мойындады.

Айта кетейік, сотта Қарағанды облысының МАЭС судьясынан да жауап алынды. Ол сотталушылармен ешқашан жақын сөйлеспегенін, олардың қылмыстық келісімі туралы білмегенін және олардан ақша алмағанын айтты.

Прокурор Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Екінші сотталушыдан 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қазыбек би аудандық соты сотталушыларды кінәлі деп танып, 3,6 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл ретте мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды. Екінші сотталушыны мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырды.

"Сот сотталғандардың арасында асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуын, олардың біреуінің мүгедектігін және материалдық шығынды өтеу шараларын қолдануды жеңілдететін мән-жай деп таныды. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жаза белгіленбеген", - деп атап өтті сот.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная