20 желтоқсан 2020 18:14

Қарағандыда мешітке келушілерді 100 миллион теңгеге алдаған алаяқ сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда мешітке келушілерді 100 миллион теңгеге алдаған алаяққа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда мешітке келушілерді 100 миллион теңгеге алдаған алаяққа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазыбек би аудандық сотында 7 алаяқтық дерегі бойынша айып тағылған 32 жастағы қарағандылыққа қатысты қылмыстық іс қаралды. Шығынның жалпы сомасы 104 миллион теңгеден асқан.

"Сотқа дейінгі тергеу материалдарына сәйкес, 32 жастағы сотталушы жәбірленушілерден бизнеске ақша саламын деп қомақты ақша алған. Күдікті ақшаны жоғары пайызбен қайтаруға уәде берген. Ол мешітте жәбірленушілермен танысып, олардың сеніміне кірген. Олардың көл-көсір пайдаға кенелетінін айтқан. Алайда кейін ол міндетін орындамай, ақшаны қайтарудан жалтарған", - делінген хабарламада.

Сотта жәбірленуші ретінде 7 адам болған. Алтауы сотталушыға 5-23 миллион теңгеге дейін ақша бергенін айтқан. Жетінші жәбірленуші сотталушыға қымбат көлікті жалға берген. Олардың бірін күдікті заңсыз түрде үшінші тұлғаға беріп, көліктің иесіне 35 миллион теңге шығын келтірген.

"Сотталушы өз кінәсін мойындамаған. Ол сотта жәбірленушілерді алдағысы келмегенін, Қытайдан арнайы техниканы жеткізу үшін бизнеске ақша салғанын айтқан. Сотталушы өзінің бизнестегі серігіне алданып қалғанын, салдарынан адамдарға ақшаны уақытында қайтара алмаған айтқан", - делінген хабарламада.

Алайда сот күдіктіге сенген жоқ. Судья оны аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап, 6,6 жылға бас бостандығынан айырды.

"Алаяқ жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда өтейді. Сот жәбірленушілердің сотталған адамнан материалдық залалды өндіріп алу туралы талап арыздарын ішінара қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети