ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қазан 2022 | 13:29
Қарағандыда ойыншық қарумен тонауға түскен ер адам ұсталды
Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша ұрлап кеткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша ұрлап кеткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қыркүйекте сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы ойын клубтарының бірінде қарақшылық шабуыл болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілген.
"Полиция қызметкерлеріне клубтың қызметкері үнемі осы мекемеде ойын ойнап жүрген клиенттің бірі кенеттен тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткенін түсіндірді. Күдікті кассадағы 3,9 миллион теңгені қолды қылып, оқиға орнынан ізін суытқан. 34 жастағы күдікті азамат анықталды. Ол сол мекемедегі ойын барысында қомақты қаржысынан ұтылып қалғанын, оның орнын толтыру мақсатында осындай іске барғанын мойындады", - делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, ол бұндай іске бару үшін ойыншық тапанша сатып алған. Күдіктіден айғақ зат тәркіленді. Дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына ("Қарақшылық") сәйкес, қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также