ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 18:29
Қарағандыда полицейлер күдіктіні қуған сәт видеоға түсіп қалған
Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің мас жүргізушіні қуған және оны ұстаған сәтінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің мас жүргізушіні қуған және оны ұстаған сәтінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдікті мас жүргізушіні қуған және ұстаған сәт көрсетілген видео WhatsApp пен Instagram-дағы топтарда тараған. Видеодағы жазбада оқиға Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында болғаны айтылған. Полициядан жасырынуға тырысқан жүргізуші мемлекеттік қызметші болуы мүмкін.
"Мемлекеттік қызметші бола тұра, мас күйінде рөлге отырып, жол апатын жасады әрі қылмыс орнынан қашып кетті. Ұстаған кезде жүргізуші қандағы алкогольді анықтау үшін арнайы құрылғыға үрлеуден бас тартып, қан тапсыру үшін наркология бекетіне апаруларын талап етті", - делінген видеода.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі осы видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілі бұл жайт Жаңарқа ауданында түсірілгенін растады. Оқиға 30 қаңтарда болған.
"Жаңарқа ауданының полиция бөліміне 55 жастағы тұрғын жүгінді. Ол кафелердің бірінде қонақтар арасында дау шыққанын айтты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, мекеме қонақтарының бірі мас күйінде көшеге шығып, Hyundai Sonata автокөлігінің салонына отырып, қашып кеткені анықталды. Оның әрекеті күдік тудырып, сондықтан полиция қызметкерлері басқа көлікпен соқтығысқан көлікті іздей бастады", - деді департамент өкілі.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері Hyundai Sonata жүргізушісін ұстады. Көлікті 38 жастағы ер адам басқарды. Баспасөз қызметі өкілі оның тексеруден бас тартқанын, бірақ сараптамаға жіберілетін биоматериалды тапсыруға келіскенін айтты. Тексеріс нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также