06 маусым 2023 08:53

Қарағандыда полиция қызметкері 170 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда ПБ бастығының орынбасары 170 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ПБ бастығының орынбасары 170 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

3 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттері барысында 170 мың теңге пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды.

Реклама
Реклама

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram