13 желтоқсан 2019 11:55

Қарағандыда Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің директоры пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының Қарағанды филиалының директоры пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ Қарағанды филиалының директорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол қызмет бабында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети