Қарағандылық әйелдің 4500 долларын жымқырған алаяқ ұсталды

Қарағанды облысының тұрғынын алдап, 4500 долларын иемденген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының тұрғынын алдап, 4500 долларын иемденген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусымда Теміртау қаласының 61 жастағы тұрғыны Қарағанды ​​қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгінген. Әйел адам, өткен жылдың шілдесінде оған заңгерлік көмек көрсететінін айтып, алдау жолымен 4500 АҚШ долларын иемденіп кеткен қаскөй туралы хабарланған.

Келтірілген залал шығыны - екі миллион теңге. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Оның бұрын алаяқтық жасағаны және жалған құжаттарды жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама