ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2017 | 18:49
Қарағандылық полицейлер алты лаңкес-үгітшілерді іздестіріп жатыр
Қарағанды облысының полицейлері алты үгітші лаңкесті іздестіріп жатыр. Оларға терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу және террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру айыптары тағылған. Полицейлер олардың қайда жүргені анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Теміртау қаласының полицейлері қылмыстық іске қатысы бар бірнеше күдіктіні іздестіріп жатыр. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің "Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу" және " Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру" баптары бойынша қылмыстық іске қатысы бар күдіктілер болып саналады. Қазіргі уақытта полицейлер олардың қайда жүргенін анықтап жатыр, - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Іздеуде жүрген адамдар Теміртау қаласының аумағында тұрғаны белгілі. Алтауының жасы 23-33 аралығында. 24 жастағы Дәулетхан Әміржанов пен 23 жастағы Дмитрий Коструб осы топтың басқарушысы. Қалған төртеуі ІІД мәліметінше, ұгіттеу, насихаттау шараларымен айналысқан. Полицияның мәліметінше, олар жас балаларды тауып, олармен сөйлесіп, экстремисттік топтың мүшесі болуға шақырған. Сонымен қатар, олар елден кетіп, соғыс жүріп жатқан жерлерге баруға шақырған.
Показать комментарии
Читайте также