Қарағандының орталық саябағында өлі арыстан табылды

Қарағанды орталық саябағының көрінісі. © 2gis.kz

Қарағандыдағы орталық саябақ аумағында полиция қызметкерлері өлі арыстан тапты, жабайы жануар жерленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыдағы орталық саябақ аумағында полиция қызметкерлері өлі арыстан тапты, жабайы жануар жерленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көмілген жабайы жануардың мәйітін полицейлер шамамен 16.30-да анықтады. Тәртіп сақшылары саябақ аумағын тексеріп, сараптама жүргізу үшін жануарды тәркіледі.

"25 маусымда Орталық саябақтың аумағында жабайы жануар, арыстанның жерленген жері табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама