Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіруде жүрген қазақстандық азамат Германияда ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Павлодар облысының тұрғыны Нюрнбергте ұсталды. Күдіктіге Интерпол халықаралық іздеу жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Павлодар облысының тұрғыны Нюрнбергте ұсталды. Күдіктіге Интерпол халықаралық іздеу жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар облысының полицейлері Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполдың Нюрнберг қаласындағы ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Павлодар облысының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт өткен жылдың қыркүйек айында Екібастұзда қарақшылық шабуыл жасап, кейін қашып кеткен болатын", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жігіт саябақта серуендеп жүрген қала тұрғынының 300 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алған. Қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға тырысқан күдікті Германияға қашып кеткен.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Павлодар қаласында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ іздестіріліп жатқан 58 жастағы  қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері павлодарлық жедел қызметкерлер 25 қылмыскердің ізіне түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама