Қарбыз, бірақ пішіні сопақ: Қазақстанға қауынды заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҚМ МКК ұсынған

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қапланбек" кеден бекетінде қауынды контрабандалық жолмен әкету әрекеті анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қапланбек" кеден бекетінде қауынды контрабандалық жолмен әкету әрекеті анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы 23 тамызда "Қапланбек" кеден бекетінде комитеттің Ахуалдық орталығының қызметкерлері инспекциялық тексеріп-қарау кешенінің суреттерін талдау кезінде мәлімделген құжаттарда сәйкессіздік анықтады. Құжаттарда мәлімделген "қарбыздың" орнына суретте сопақ пішіндес тауар көрінген. Мәлімет кедендік жете тексеруге жіберілген.

Реклама
Реклама

Кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде "Қапланбек" кеден бекетінің қызметкерлері 62 тонна декларацияланбаған "қауын"  тауарын анықтаған.

"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы 12 тонна "қауын" тауарын және 66 тонна "қарбыз" тауарын мәлімдеген. Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақсатында импорттаушылар декларацияларда неғұрлым арзан тауарды мәлімдейді. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы қолданыстағы заңнамамен жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная