24 тамыз 2020 | 14:58

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел Беларусьтен Қазақстанға экстрадицияланды

Видеодан алынған кадр

ІІМ қазақстандықтарды 1 миллиард теңгеге алдаған алаяқты Минскіден экстрадициялады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ қазақстандықтарды 1 миллиард теңгеге алдаған алаяқты Минскіден экстрадициялады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы Ресей азаматы Ольга Клейнардтың экстрадициялануына қол жеткізді. Оған Questra World ірі қаржы пирамидаларының бірін ұйымдастырды деген айып тағылды. Ольга Клейнард еліміздің аумағындағы алаяқтардың әрекеттеріне жетекшілік еткен. Нәтижесінде мыңдаған қазақстандық алданып, келтірілген шығын сомасы 1 миллиард теңгеден асты.

Реклама
Реклама

Күдікті Беларусь Республикасында ұсталды. Кеше ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторларында.

Еске салайық, бұған дейін ҚР ІІМ қызметкерлері Questra World компаниялар тобы туралы қылмыстық іс бойынша сегіз адамды ұстаған болатын.

Алаяқтардың әрекеті ойдан шығарылған инвестициялық портфель түрлерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың көмегімен жұмыс істеген. Олар азаматтарға инвестициядан жылдық 300 пайызға дейін пайда табуға уәде берген.

Questra World қаржы пирамидасының тағы бірнеше елде жұмыс істегені анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная