ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2020 | 15:59
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған шетелдіктер қазақстандықтарға "Nike" акцияларын сатқан
Шетел азаматтары еліміздің бес аумағында заңсыз қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шетел азаматтары еліміздің бес аумағында заңсыз қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары өздерін "Unique finance" шетел компаниясының өкілдері ретінде таныстырып, тұрғындарға ақша қаражаттарын "Pepsi", "Nike", "Microsoft", "Ford", "BMW" секілді халықаралық ірі компаниялардың бағалы қағаздарына инвестициялауды ұсынғаны белгілі болды. Салымшыларға ай сайын жалпы салған сомаларының 6 пайызы көлемінде, сондай-ақ, жаңадан тіркелген серіктестің салым сомасынан 5 пайыз пайда алатыны уәде етілген", - делінген хабарламада.
Осы компанияға ең төменгі салым 1000 доллар екенін атап өткен жөн.
Бірақ шындығында пирамида ұйымдастырушылары салымшыларға "бренд" компаниялардың жалған акцияларын ұсынып, олардың ақшаларын иеленіп отырған. Олар мұндай заңсыз қызметті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында жүргізген.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Құрметті азаматтар! Ақтөбе облысы бойынша ЭТД егер "Unique finance" компаниясына ақша қаражатын салған болсаңыз, ресми арызбен жүгіну қажет екенін хабарлайды", - деді ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также