07 қазан 2021 | 16:50

Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялардың тізімі жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімге 121 компания енгізілген, оның 56-сында қаржы пирамидасының белгілері бар, ал 65-і заңсыз инвестициялық делдалдар (жалған брокерлер).

Қаржы нарығындағы заңсыз қатысушыларды мыналар арқылы анықтайды:

Реклама
Реклама

интернеттегі ақпараттық кеңістіктің мониторингі;
блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (жыл басынан агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш келіп түсті);
азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде.

Ведомство мұндай тізімді қалыптастыру нарықта әділ бәсекелестікті сақтауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді анықтауды қамтамасыз етеді деп санайды.

Агенттік қаржы нарығының барлық субъектілерін күдікті компаниялар туралы хабардар етеді, сондай-ақ осындай компаниялардың сайттарын одан әрі тексеру және бұғаттау үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдармен өзара жұмыс жасайды.

"Заңсыз қызмет белгілері бар компания бойынша сайттың атауы, мекенжайы, заңсыз қызметтің сипаты көрсетілген. Алдағы уақытта ақпарат үнемі жаңартылып отырады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная