22 маусым 2022 | 12:27

Кәрім Мәсімовке қатысты істің мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
©Тұрар Қазанғапов

ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істі тергеу қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істі тергеу қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауға алу мерзімі тағы ұзарды. Қашанға дейін ұзартады?", - деп сұрақ қойды журналистер.

"Күзге қарай анықталады деп ойлаймын. (...) Менің білуімше, іс материалдары құпия. Сірә жабық (сот - еск.) өтеді. Мұны сот органдары анықтайды. Бәрібір онда мемлекеттік құпиялар бар", - деп жауап берді Амерханов Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, журналистер қаңтар оқиғасын тергеу қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін сұрады. 

"Іс жүргізу бойынша үш айға ұзартуға құқығымыз бар. Әр үш ай сайын. Жоқ, бұл жылдарға созылмайды. Бірақ өте ауыр мәселе, тағылған айыптар ауыр", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні неге әлі күнге дейін жарияланбағанын түсіндірді.

"Оларды санатқа бөлу керек, кім қалай қаза болды. Біреу тонауға қатысқан, біреу шабуыл жасаған, біреу абайсызда қаза болған", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная