ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2020 | 21:57
Қару ұрлаған сарбаздың ісі: тапанша сатып алған күдікті ұсталды
Шымкент маңындағы әскери бөлімде қару-жарақ ұрлау ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент маңындағы әскери бөлімде қару-жарақ ұрлау ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-тергеу тобы әскери Абылай Балғынбайдың сыбайласы екі тапанша алғанын анықтаған. Қару тәркіленді.
"Тергеу барысында күдіктінің қаруды алудағы мақсаты мен себебі, сондай-ақ қылмыстың мән-жайы анықталады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Еске салайық, Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған. Қару ұрлаған әскери артынша 20 ақпан кешкі уақытта ұсталған.
"1995 жылы туған әскери қызметші Абылай Балғынбай бүгін әскери бөлімнен өз еркімен кетіп, атыс қаруын ұрлаған, ол ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также