03 шілде 2023 09:02

Қаскелеңде жекеменшік үйден екі шетелдік өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/baurzhan__alenov

Қаскелеңде жеке үйлердің бірінен пышақ жарақатын алған екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 маусымда полицияға жантүршігерлік хабар туралы 1979 жылы туған азамат арызданған. Полицейлер қаза тапқандардың Тәжікстан азаматтары екенін анықтады.

Реклама
Реклама

Қылмыс жасады деген күдікпен сол республиканың 1980 жылы туған азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта ол УҰИ-ға қамалған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, соталды тергеу басталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram