ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2020 | 18:31
Каспийде 57 браконьер ұсталды
ҰҚК Шекара қызметінің Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелері заңсыз балық аулауды кәсіп қылған браконьерлердің құқыққа қайшы әрекетінің алдын алу бойынша көлемді операция өткізіп жатыр., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылғы 1-24 сәуір аралығында теңізші-шекарашылар Каспий теңізінің аумақтық суларында 33 шағын жүзу кемелеріндегі 57 құқық бұзушыны ұстады. 190 шақырымнан асатын браконьерлік сетка, "каллада" тәрізді қармақты торкөздерді тәркіледі", - делінген хабарламада.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде құқықбұзушыларға 1 239 915 теңге сомасында айыппұл салынды. Барлығы 679 бекіре және 4 235 ерекше асыл тұқымды балық түрі теңізге жіберілген.
Осылайша мемлекетке 1 миллиард теңгеге шығын келтірудің алдын алу мүмкін болыпты. Теңіз шекарашыларының операциясы жалғасып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также