"Кассирге бензин шашып, тонап кетті": Қарағандыда несие ұйымына шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

"Кассирге бензин шашып, тонап кетті": Қарағандыда несие ұйымына шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды Видеодан алынған кадр

Қарағандыда полиция қызметкерлері микронесие ұйымының кассасына шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адамды ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда полиция қызметкерлері микронесие ұйымының кассасына шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адамды ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктілер 19 және 28 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Екеуі де ұсталып, кінәсін мойындады.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 және 28 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.
 
Еске салайық, 9 ақпанда Қарағандыда екі белгісіз адам микронесие ұйымы кеңсесіне басып кіріп, кассирдің үстіне бензин шашып, 120 мың теңге алып кеткен болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама