25 шілде 2019 13:47

Қатерлі ауруым бар деп бірнеше әйелді алдап кеткен ер адам ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында полицейлер бірнеше алаяқтық іс жасады деген күдікке ілінген 26 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицейлер бірнеше алаяқтық іс жасады деген күдікке ілінген 26 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 шақты әйел мен екі ер адам Талғар аудандық полициясына арыз қалдырған. Полицейлердің айтуынша, алаяқтың кесірінен зардап шеккендер көп болуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

"Күдікті Түркістан облысының 26 жастағы тумасы пробациялық бақылауды бұзғаны үшін іздеуде жүрген. Ол бұрындары да алаяқтық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ол ұсталды және қамауда отыр", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Күдікті зардап шеккендердің біразы баратын фитнес-залда жұмыс істеген. Сол жерде танысып, олардың қаржылай мүмкіндіктерін анықтаған. 

"Барлық жағдайда күдікті ақша алу үшін өзін аянышты етіп көрсететін болған. Мысалы, біреулерге қатты аурудан зардап шегетінін және қымбат тұратын ота жасату керектігін айтқан, ал екіншілеріне жол апатына түскеннен кейін емделу шараларына керектігін айтқан. Жалпы қанша залал келтірілгені белгісіз", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Күдікті биыл сәуірден бастап осындай жолмен ақша тауып келгені анықталды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram