28 мамыр 2020 17:36

"Кәуап жегім келіп тұр": кафеден ет ұрлаған ер адам ұсталды

Павлодар облысы Ақсу полиция бөлімінің полицейлері ет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Ақсу полиция бөлімінің полицейлері ет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, полицияға ет ұрлығы туралы арызбен мекеме директоры келген. Қаскүнем Ленин көшесіндегі кафеде бола тұра, бөлмеге заңсыз кіріп, қосалқы бөлмеден 15 келі ет, үш комплект шампур және екі темір тор алып шыққан. Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Реклама
Реклама

Күдікті 36 жастағы Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғыны екен. Ер адам өзінің әрекетін дәмді кәуап жегісі келгенімен түсіндірді. Енді оған заң алдында жауап беруге тура келеді дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram